Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соңғы екі айда 160 млрд теңгеге мүлік пен ақша жария етілді

Соңғы екі айда 160 млрд теңгеге мүлік пен ақша жария етілді
Соңғы екі айда Қазақстанда 160 млрд теңгеге мүлік пен ақшалай қаражат жария етілді, деп мәлімдеді бүгін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мүлікті жария ету бойынша науқан өткізу мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында.
«Екі айдың өзінде, желтоқсан мен қаңтарда, 160 млрд теңге немесе науқанның өткен 15 айында жария етілгеннің үштен бір бөлігі жария етілді, оның ішінде мүлікпен жария етілгені – 109 млрд теңге», - деді Б.Сұлтанов. Сонымен қатар, осы кезеңде банктерде қосымша 41 шот ашылып, оларға 51 млрд теңге аударылған.
Осылайша, жария етілген ақшаның өсу қарқыны 2015 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 61% құрады. «Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында барлығы 588 млрд теңгенің активтері жария етілді. Бүгінгі күнге бұл сома 600 млрд теңгеден асты, оның ішінде мүлік бойынша 475 млрд теңге, оның 1 млрд теңгесі - шет елдерде. Сонымен қатар, 150 млрд теңге 233 банк шоттарын ашу арқылы жария етілді.
Осыдан бөлек, шамамен 300 млрд теңге сомаға мүлік бойынша 30 мыңнан астам өтініш өңделуде жатыр.
Фото:almaty.tv

Похожие материалы