Атырау. 14 қараша. 7kun.kz – Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот процесі өтуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Cондай-ақ сотта Хаменовамен қатар облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Айыпталушы Хаменова соттағы соңғы сөзін айтты. Оның айтуынша, жасалған қылмыстар сондағы адамдардың жеке мотиві және әрекеті негізінде оның қатысуынсыз жасалған.
«Қылмыстық істі ойдан шығарған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалады деп ойлаймын. Ол адамдар біз ойлағаннан да қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін. Себебі істі адал тергеу үшін тек айқын фактіні қабылдау қажет еді. Сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы деген түсінікті елемей, ашық түрде заңсыздықты негізге алу арқылы істің ұзаққа созылуына үлес қосқандар да назардан тыс қалмауы қажет. Азаматтар сот төрелігіне деген сенімін бекерден-бекер жоғалтқан жоқ. Сенбей, дұрыс істейді. Бұл іс сенуге болмайтынын көрсетті», – деді Хаменова.
Ол іске қатысты тергеушілер, прокурорлар және осы іске қатысқандар заңды аяқасты қылғанын атап өтті.
«Құрметтi сот! Менің ешқандай да кінәм жоқ. Ақтауыңызды сұраймын. Ақтығымды, кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін», – деді Бақытгүл Хаменова.
Мемлекеттік айыптаушы Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімі 15 қарашада шығады.
Айта кетейік, 2021 жылғы желтоқсанда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын.
Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024