Алматы. 26 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Астана банкін" мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.
"Сот шешімімен "Астана Банкі" АҚ - ның қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы "ҚР Ұлттық Банкі" РММ-нің талап арыздары толық көлемде қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың мамырында Астана Банкі ҚР Ұлттық Банкінен депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бойынша банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны уақытша тоқтату туралы ресми хабарлама алды. Оның себебі, тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелердің кешіктірілуі болды. Банкке қолма-қол ақшаны алуға шектеу қоюға тура келді, ал S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Астана Банкінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін "CCC/C" - тен "D/D" - ге ("дефолт") дейін төмендетті.
2018 жылы 19 қыркүйекте Астана Банкі банктік және басқа да операцияларды жүргізу үшін лицензиядан айырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024