Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — 2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді. Банктің клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқылы.
Кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің шамамен сомасы – 130 млн теңгені құрайды. Өтемді алуға құқығы бар клиенттер – жеке тұлғалар саны – 2 239 адам.
Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 571,6 млрд теңге.
Кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы теңгедегі депозиттер бойынша 10 млн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеге дейін құрайды.
«Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер арасынан «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу үшін, агент банкті таңдау бойынша конкурс өткізеді. Агент тарапынан банкке каржылық тұрақтылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыруға қажетті филиалдар мен кеңселердің болуы секілді талаптар қойылады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024