Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Bank RBK-ның ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «B-/C» деңгейінде нақтылады. «Банк рейтингін өз орнында қалдыру Қазақстанның банк секторындағы құбылмалы кезеңде басқарудың жоғары деңгейі мен акционерлердің стратегиясына деген сенімді білдіреді» дейді агенттік сарапшылары.
Bank RBK қаржыландыру көзі ретінде депозитті емес, банктің артып келе жатқан акционерлік капиталын санағандықтан, «болашаққа оптимизммен қарап отыр». 2017 жылғы ақпанның банк негізгі капиталдың 11 млрд теңгеге (пайызбен есептегенде — 12 пайызға) артқанын айтқан еді.
Рейтингтің өз орнында қалуы мен акционерлер белсенділігіне Владимир Кимнің Bank RBK-дағы ірі ойыншысы болу туралы шешімі әсер еткен. Дегенмен, Ұлттық банк мұны бекітетін құжатты әлі жариялаған жоқ.
2017 жылы ақпанда жарияланған деректер бойынша, банктің активтері 1 021 млрд теңге, қарыз портфелі — 753,4 млрд теңге, клиенттердің қаржысы — 782,6 млрд теңге, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымы — 210,3 млрд теңгені құраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024