СҚО. 27 қазан. 7kun.kz – Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қызылжар ауданы полициясының жедел-тергеу тобы Kia Sorento көлігін мінген төрт ер адамды ұстады. Олар ұсталғандар екі сібір елігін атып алғаны анықталды. Тінту кезінде оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полциця хабарлауынша, сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024