Қостанай. 27 мамыр. 7kun.kz - "Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі" АҚ (ССТӨБ) темір кенін өткізуге қатысты қиындықтарға байланысты өнімнің өзіндік құнын төмендету бағытында жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды ССТӨБ баспасөз қызметі.
"Қазақстан мен әлемнің темір кені саласы секілді ССТӨБ те күрделі кезеңді өткеруде. Кәсіпорын өз өнімінің өзіндік құнын төмендету және ұжымды сақтау, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау бағытында жұмыс атқаруда", - делінген компания хабарламасында.
"Темір кенінің жоспарланған көлемдері жөнелтіліп жатқан жоқ. Соңғы төрт ай ішінде Қытай 350 тонна тауар кенінен ештеңе де алған жоқ. Кен түйіршіктері де жоспарланған көлемнен аз жөнелтілді. 19 мамырда Қытай тарабының өкілдері кәсіпорында болып кетті. Олар жеткізілетін өнімнің бағасын 20%-ға төмендетуге қатысты ұсыныстарын жасады. Айта кететін жайт, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда темір кеніне деген дүниежүзілік баға тіпті 40%-ға төмендеді", - деп хабарлайды компания.
ССТӨБ қытайлық тараптың ұсыныстарын жақын арада талқыға салмақшы.
Компаниядағылар кәсіпорындағы қиындықтар бюджетке төленетін төлемдерге ықпал ететінін айта кетті.
"Компания - республикалық қазынаның ірі төлеушісі, 4 ай ішінде сонда бағытталған төлемдер жоспардың 88,3%-ын қамтыды, яғни 7 млрд теңгенің орнына 6,2 млрд теңге төленді. Жергілікті бюджетке төленетін сома да 74,5%-ға төмендетілді, 2,7 млрд теңгенің орнына - 2 млрд теңге", - деп жазады ССТӨБ баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024