
Халықаралық Standard & Poor's агенттігі Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерін «BBB/А-2» негативті болжаммен белгіледі деп хабарлайды агенттіктің баспасөз-хатшысы.
Сондай-ақ, агенттік Қазақстанның ұлттық деңгейіндегі көрсеткішін «kzAA+» деңгейінде белгіледі. S&P сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан экономикасы бұрынғысынша ресурсты базаға, оның ішінде мұнай секторына байланысты. Оның Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесі 20-30%, салық түсімдеріндегі үлесі 50% -дан жоғары және экспорттағы үлесі 60% құрайды.
Қазақстанның рейтингіне позитивті түрде бюджетті көрсеткіштер әсер етеді. Ал негатитві рейтингті сарапшылар ішкі және сыртқы тәуекелдердің көбеюімен түсіндіріп отыр.