Алматы. 31 қазан. 7kun.kz - Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингісін «ВВ» деңгейінен «Позитивті» болжамынан «ВВ+» «Тұрақты» болжамына дейін көтерді. Ұлттық шкала бойынша «Қазақтелеком» АҚ рейтингі «kzA +» - тен «kzAA-» деңгейіне дейін жаңартылды.
«Қазақтелеком» АҚ қаржы левередж (қарыз қатынасы/EBITDA) деңгейіне оң әсерін тигізе отырып, табыс көлемі және кірістілік 2017 жылдың 9 айы ішінде агенттік сарапшыларының үмітін ақтады. Онымен қоса, агенттік мобильді бизнес сегментінің жоғарылағанын айтып өтті (Tele2-мен бірлескен компания). Бұл факторлар «Қазақтелеком» АҚ несиелік рейтингісінің «ВВ+» деңгейіне дейін көтерілуіне септігін тигізді.
Сарапшылардың айтуынша, ұялы телефонға тіркелген дауыстық трафиктің ағымына байланысты бекітілген телефон қызметтерін тұтыну көлемінің төмендеуіне қарамастан, «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тіркелген телефон нарығының көшбасшысы орнын сақтап тұр. Республиканың көптеген аймақтарында облыстық орталықтардан қашықта орналасқан жерлерде компания телефон қызметтерінің тіркелген жалғыз провайдері болып қалады. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай компанияның абоненттік базасы 6,8 миллион абонентке жетті, ал бірлескен кәсіпорынның нарықтық үлесі 26 пайызды құрады. Бұдан басқа, бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы LTE желісін (халықтың 69 пайызы) қамтуды қамтамасыз етеді. Еске салайық, 2016 жылы желтоқсанда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингін «ВВ» «Позитивті» деңгейінен «Тұрақты» «ВВ+» деңгейіне дейін көтерді. Ұлттық шкала бойынша «Қазақтелеком» АҚ рейтингі «A+(kaz)» деңгейінен «AA-(kaz)» деңгейіне дейін ұлғайтылды.
Дереккөз: forbes.kz
Диана Құрманбекова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024