Starbucks бірінші рет өзінің ниеттестік бағдарламасын өзге компания үшін ашып отыр. Желі басшылығының сөзінше, бұл серіктестіктің соңғы жобасы емес. Қазір аталған бағдарламада 10 млн-ға жуық адам бар. Ал әлем бойынша 60 млн адам Spotify сервисін қолданады.
Американдық Starbucks кофеханалар жүйесі Spotify музыкалық сервисімен серіктесетіндігін хабарлады. Енді барлық американдық кофеханалар желісінде сатып алушы музыкалық сервис арқылы таңдаған музыка ойнап тұрады. Ал бариста диджейдің ролін қоса атқаратын болады.
Жоспардың бастамасы ретінде Spotify АҚШ-тағы Starbucks-тың 7 мың дүкеніндегі негізгі музкалық сервис болуы қажет. Кейінірек бағдарлама Ұлыбритания мен Канадаға да таралады. Келісім-шарт құны бойынша кофеханалардың барлық қызметкерлерінде дәмханадағы ән тізімін құрайтын премиум-аккаунт болады. Ал музыкалық фон болатын композиция музыкалық сервистің тұтынушыларының дауыс беруі арқылы таңдалады. Бариста тек туындылар тізімін жаңалап тұрады. "Біз тіпті баристаны да диджей қыламыз", - деп атап өтті Spotify-дың бас директоры Дэниэл Эк.
Spotify компаниясының даму бойынша басшысы Хорхе Эспинелдің сөзінше, Starbucks әрдайым кофеден басқа тауарларды да жарнамалап сата біледі. Енді Starbucks ниеттестік бағдарламасының қатысушылары Spotify-дегі Starbucks-тың плейлистіне кірулеріне мүмкіндік болады. Сондай-ақ, музыкалық сервистегі сатып алулары үшін "жұлдыздар" жинап, оны тегін кофеге ауыстыра алады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024