«Startup «Bolashak» стартап жобалар байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Еске сала кетейік, жүлде қоры 25 млн теңгелік байқау шілде айының 20 күні басталған еді.
«Болашақ» Қауымдастығы ұйымдастырған байқауға бизнес идеясы бар 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Қауымдастық үздік идея ұсынғандарға 3 жүлде тағайындап отыр. I орын – 7 млн теңге, II орын – 5 млн теңге және ІІІ орын – 3 млн теңге. Сондай-ақ 10 млн теңгені «BI Group» холдингі ұсынған. Бұған қоса, байқауға қатысушылар, қызықты идеялардың авторлары инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып, «Даму» қоры арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне ие болмақ. Әлеуметтік инвесторлар ретінде бұл жобаға «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев қатысуда. Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін жүреді. Қосымша ақпараттарды +7 7172 707 669 телефоны www.bolashak.kz сайтынан алуға болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024