Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Гидротехникалық құрылыстарды қайта құру және күрделі жөндеу бюджеттік заңнама мен құрылыс қызметі нормаларын бұзушылықтардың көптеген фактілерімен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова.
«Мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша (2018 жылы өткізілген) су ресурстары комитетінің (Ауыл шаруашылығы министрлігі) бюджеттің шығындарынан 2,5 млрд теңге қаржылық бұзушылықтары, 26,3 млрд теңге - тиімсіз жоспарлау мен мемлекеттік ресурстарды пайдалануы, 189 рәсімдік бұзушылықтары анықталды", - деді Наталья Годунова Парламент Сенатындағы су қауіпсіздігі тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында.
Анықталған бұзушылықтарға жобалау-сметалық құжаттаманы түзетудің көптеген фактілері жатады. Наталья Годунованың ақпараты бойынша, Жезқазғанда Эскулиндік су құбырының құрылысы кезінде су ресурстары комитетінің техникалық кеңесі полиэтилен құбырларын шыныпластикалық құбырларға 385 млн теңгеге ауыстырған. Нәтижесінде құрылыс аяқталғаннан кейін топтық су тартқышты гидравликалық сынау кезінде 69 жарылыс болды, оларды жоюға құбырларды полиэтиленге ауыстыру үшін қосымша 1,1 млрд теңге жұмсалды. Сонымен қатар, сметалық құнын көтеру фактілері де бар. 2018 жылы тексерілген 10 су шаруашылығы нысаны бойынша сметалық құны 5,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаражатқа 600 орындық бес мектеп салуға болады.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024