Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сұлтанбек Мәкежанов Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды

Сұлтанбек Мәкежанов Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz - Алматыдағы ірі ауданның бұрынғы әкімі Ержан Жылқыбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған еді.

Сұлтанбек Мәкежанов бұған дейін де Медеу ауданының әкімі болған.

1983 жылы еңбек жолын жол шебері болып бастаған ол инженер-геодезист, құрылыс учаскесінің шебері, ЛКЖО-ның аудандық, қалалық комитеттерінде басшылық қызметтерде болды. Кейін «Астана Холдинг Банк» төрағасының орынбасары, «Казахинвест» корпорациясының вице-президенті болды. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бастап Алматы қаласында еңбек етуде. Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Медеу ауданының әкімі болды.

2016 жылдың мамырынан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Медеу ауданы қаланың ғылым, білім және мәдени орталығы. Мұнда Қазақстанның ғылым Академиясы, Республика Сарайы, Мемлекеттік Орталық музей, ірі парктер, кинотеатрлар, қала тұрғындары мен туристер тынығатын көрнекі орындар орналасқан. Осыған орай аудан әкімі ең алдымен абаттандыруға, жасылдандыруға, орталық көшелердегі, парктердегі, алаңдардағы тазалыққа, нысандардың архитектуралық келбеттеріне бірінші кезекте назар аударғаны жөн. Айта кетерлігі, биылғы жылы ауданда 7 парктер мен скверлер салу, 100 аулаға жөндеу жүргізу, Достық даңғылы мен Әйтеке би көшесін модернизациялау жоспарланған.

Дегенмен, ауданда орталықтандырылған су құбыры мен кәрізге қосылмаған тұрғын үйлер әлі де бар. Олар Каменское платодағы тұрғын кешені (1500 үй), Байқоңыр көшесі (көпқабатты 11 тұрғын үй), Бутаковка ықшам ауданы (250 үй) бұлардағы 8 мыңға жуық адам орталық жүйелерге қосылмаған.

Аудан әкімі қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен бірге осы тұрғын кешендеріне су және кәріз желілерін тарту мәселесін шешу шараларын қарастырғандары жөн.

Думан ықшам ауданының 30 мыңға жуық тұрғыны бар, биыл мұнда инженерлік желілерді тарту жұмысы аяқталғанымен, асфальт төселмей қалған. Аудан әкімі қалалық Мобилділік басқармасымен бірге 23 км жол мен км тротуарды қалпына келтіруі тиіс.

Бұлардан өзге, аудан әкімі Білім басқармасымен бірге МЖӘ аясында кәсіпкерлерді мектептер салу ісіне кеңінен тартуы тиіс.

Жалпы, соңғы үш жыл ішінде Медеу ауданында көтерме саудадағы тауар айналымы 50%-ға, негізгі капиталға инвестиция 49%-ға, салық түсімдері 36%-ға артты. Назарбаев, Абай, Достық даңғылдары, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері, «Абай» алаңы, Орталық мәдениет және демалыс паркі жаңғырды. Хайуанаттар паркін жөндеу аяқталып қалды. 50-ден астам жеке бала бақшалар, мини-орталықтар ашылды, соның арқасында ауданда бала бақша кезегі 35%-ға қысқарды. Аулалардың 80%-ы немесе 400 аула жаңарды.

Похожие материалы