Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Бұл туралы Президенттің "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлығында жазылған.
Ведомство Қазақстан Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгертілді. Жарлықта ведомство мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылатыны атап өтілген.
Сондай-ақ Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі аппаратымен бірге бір ай мерзімде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды қарауға енгізуге міндетті.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024