Ұсыныс сұраныстан артық болуына байланысты Ұлттық банк мамырда 110,5 миллион долларға шетел валютасын сатып алды
Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі салық аптасы кезеңінде шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасын сатып алды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
«Бюджетке ірі көлемдегі салық төлемдері кезеңінің және соған сәйкес шетел валютасын сату қажеттілігінің аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан айтарлықтай асып түсті», - делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерді сатуымен қолдау тапқаны, оның көлемі мамырда шамамен $598 млн.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді бөлу үшін айдың басында 4 миллион доллар сатылды.
«Алдағы уақытта трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен жүргізілгендіктен Ұлттық қордың валютасын айырбастау талап етілмеді», - делінген ақпаратта.
Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейде ұстап тұру мақсатында инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында мамыр айында валюта нарығында БЖЗҚ зейнетақы активтеріне $74,5 млн сатып алынды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024