Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - Құрылған уақыттан бері Сыртқы сауда палатасы (ССП) 500 мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау туралы 20 млрд теңгеге келісімшарт жасасқан. Бұл туралы палата төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов айтты.
Н.Бөкейхановтың айтуынша, "Атамекен" ұлттық палата жанында кәсіпкерліктің жүйелік мәселелер реестрі (тізілімі) құрылған. Қазір онда кәсіпкерлер жиі ұшырасатын 438 сұрақ жиналды. Бүгінде олардың 285-і (65 пайызы) шешімін тапқан.
Сондай-ақ, 100 мыңнан астам кәсіпкер арнайы оқудан өтті. Сертификатталған 15 мың кәсіпкердің 1350-і өзінің жаңа бизнесін ашты, олардың 279-ының 1 млрд теңгеден астам айналымы бар.
"Біздің негізгі міндетіміз - қазақстандық өнімді экспорттауды дамыту. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау туралы 20 млрд теңгеге келісімшарт жасалды", - деді Н.Бөкейханов.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2014 жылы құрылған - бұл жүз пайыз "Атамекен" ұлттық палатасының еншілес ұйымы, ол шетелдік инвестиция мен технологияларды жұмылдырумен айналысады.