
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне Марат Сыздықов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыздықов Марат Зеникенұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Соңғы жылдары Сыздыков президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары және Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді.