Алматы. 10 қараша. 7kun.kz - Тұрғын үйлерді сату бағасы қазан айында 0,5 пайызға төмендеді деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда жаңа үйлерді сату бағасы 0,5 пайызға төмендеді. Ал абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,2 пайызға өсті. Абаттандырылған үйді жалға алу төлемі 0,7 пайызға жоғары болды.
Қазан айындағы жаңа баспаналардың бір шаршы метрінің орташа бағасы 252 479 теңгені құраса, абаттандырылған үйлер 187 555 теңгеден сатылды. Ал абаттандырылмаған үйлердің бір шаршы метрі 114 547 теңгені құрады. 2017 жылдың басынан бері баспана бағасы 2,0 пайызға арзандаған.
Бұған дейін Алматыдағы тұрғын үйді жалға алу арзандаған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024