Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларының депозит базасы осы жылы 30 пайызға артты. Қазіргі уақытта банкте 477,3 млрд теңге көлемінде 988 152 депозит бар. Осылайша ТҮҚЖЖБ ұзақмерзімді салымдар нарығында 1-орынға ие болып отыр, деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.
Елдегі барлық ипотекалық несиенің 75 пайызын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берген. 2017 жылдың 9 айында қазақстандықтар үйлі болу үшін екінші деңгейлі банктерден 223 млрд теңге алса, оның 168 млрд теңгесін ТҮҚЖБ бөліп отыр. Жалпы жыл басынан бері 28 990 қазақстандық отбасы ТҮҚЖБ көмегімен тұрғын үй жағдайын жақсарта алған.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде уақтылы төленбей, мерзімі 90 күннен өтіп кеткен заемдар, яғни NPL деңгейі 0,33 пайызға тең. Бұл – елдегі екінші деңгейлі банктер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Депозит бойынша табыстылықтың жылдық мөлшерлемесі 2 пайызға тең. Бұған қоса салым ақшасына жыл сайын мемлекет тарапынан 20 пайыз көлеміндегі сыйлықақы да қосылады. Осы жылы мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы сомасы 90 760 теңгені құрады. Яғни жылына 450 000 теңгеге дейін ақша жинай алатын адамдар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ең үздік шарт – жылдық мөлшерлемесі 22 пайызға жуық табыстылық ұсынып отыр», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
2017 жылдың мамырында банк теңге бағамының өзгеруіне байланысты салымшыларға өтемақы ресімдеудің екінші траншын мерзімінен бұрын төледі. Жалпы алғанда екі жыл ішінде клиенттерге 49,4 млрд теңге аударылды. Оның 19,4 миллиарды банктің өз қаражатының есебінен төленді.
«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй салуға жекеменшік құрылыс жүргізушілерді ынталандыру және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыттарын жүзеге асырады. ТҮҚЖБ желісі бойынша жыл басынан бері 5400-ден астам пәтер пайдалануға берілді.
Диана Құрманбекова
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024