Түркиядағы бірнеше интернет-провайдерлер сот шешімі бойынша Twitter бұғауланып тасталды. Бұған Сириямен шекарада болған теракт орнынан жарияланған видео және фотоматериалдар себеп болды деп жазады ВВС.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, тыйым салынған ақпараттар өшірілгеннен кейін ғана сервис қол жетімді болады.
Еске салайық, тұрғындарының көпшілігі күрдтер болатын түркиялық Суруч қаласында дүйсенбіде жарылыс болды. Жергілікті Амар мәдени орталығындағы терактіден 32 адам қайтыс болды. Сәрсенбі күнгі жарылысты 20 жасар жергілікті студент жасағандығы анықталды.
Түркия билігі аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқиғаның экстремистік ұйымдардың әрекетіне қаншалықты қатысы бар екендігін анықтап жатыр.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024