Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделелерін бұзған микроқаржы ұйымдары анықталды

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделелерін бұзған микроқаржы ұйымдары анықталды

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық банк микроқаржы ұйымдарындағы тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу бойынша мониторинг пен талдау жүргізді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нәтижесінде 13 санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы қолданылған. Оның ішінде "Қарағанды Микроқаржы" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "Экспресс қарыз" микроқаржы ұйымы" ЖШС және "Ақсай" МҚҰ" ЖШСайыппұл салу және өндіріп алу түрінде 5 санкция салынған.

"Абзал-Кредит" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "SM-INVEST" МҚҰ" ЖШС, "Азия кредит қоры" МҚҰ" ЖШС, "Инкар & S" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "Теньгофф" МҚҰ" ЖШС, "Ақсай" МҚҰ" ЖШС, "Орал" микроқаржы ұйымы" ЖШС және «Инкар & S» микроқаржы ұйымы" ЖШС-не  8 жазбаша ұйғарым берілген.

"Абзал-Кредит" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "Теньгофф" МҚҰ" ЖШС, "Ақсай" МҚҰ" ЖШС, "SM-INVEST" МҚҰ" ЖШС, "Экспресс қарыз" микроқаржы ұйымы" ЖШС, «Инкар & S» микроқаржы ұйымы" ЖШС қызметі микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген.

Сондай-ақ, "Қарағанды Микроқаржы" микроқаржы ұйымы" ЖШС Ұлттық банктің тиісті рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған және ЖТСМ шекті мөлшерін арттырған. "Орал" микроқаржы ұйымы" ЖШС микрокредит беру қағидаларын қарыз алушының көруіне және танысуына арналған орынға орналастыру тәртібін бұзған.

"Экспресс қарыз" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "Ақсай" МҚҰ" ЖШС кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді беруіне  байланысты заң бұзушылықтарға жол берген.

Похожие материалы