Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТҚЖБ клиенттері 23 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы алды

ТҚЖБ клиенттері 23 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы алды

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 895 360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сыйлықақыға қол жеткізді.

90 760 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 160 780 клиенті алды. Бұл салымшылар 2017 жылы шоттарына кем дегенде 453 800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне үлкен сома аударған клиенттер мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген биылғы қаражат бойынша 20 пайыздық аталған бонусты 2018 жылдың нәтижесінде ала алады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы, банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10 464 теңге болса, 2008 жылы 46 720 теңгеге дейін жетті. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, банк клиенттері 96 200 теңге көлемінде ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақы ала алады. Тағы бір маңызды дүние бар! Банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны қоса алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттері жылдық мөлшерлемесі 13,3 пайызға дейін баратын жоғары табыстылық көрсетіп отыр», - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Осы жылдың қорытындысы бойынша, ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін банк салымшыларына ай сайын шоттарына 40 000 теңгеден аударып отыру жеткілікті болады.

Похожие материалы