Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 мамырдағы доллардың орташа бағамы 317,94 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 317,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 318,40 тг, сауданың аяқталуы кезінде 318,40 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 244 млн 800 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 269.
Ақша айырбастау орындарында 5 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:05) Алматыда 321 теңгені құраған.