Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 339,80 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 337,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,00, сауданың аяқталуы кезінде 338,00 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 75 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 162.
Ақша айырбастау орындарында 7 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 343 теңгені құраған.