Алматы. 18 тамыз. 7kun.kz — 18 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы — 340,62 теңге. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,70 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,29 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 347,19 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 48 млн 350 мың доллар. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 111.
Ақша айырбастау орындарында 11 тамызда доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 343 теңгені құрады.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024