Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын, олар: 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу", - деп жазылған құжат мәтінінде.
Сонымен қатар, Президент реттеушіге табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тапсырды.
Сондай-ақ, тапсырма кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезінде қосымша реттеу шараларын қабылдауды көздейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024