Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ЖАҚ кондициялық емес мұнайға өтемақы төлеу туралы тағы 18 келісімге қол қойды. Құжатқа "Дружба" мұнай құбыры жүйесінде қазақстандық мұнай компанияларының мұнайының ластануымен байланысты инцидентті реттеу аясында қол қойылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімге қол қою жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 7 қарашасында біз 14 қазақстандық мұнай компаниясының пайдасына келісім жасадық. Бүгін 18 компанияның мүддесі үшін осындай құжаттарға қол қойды. Қалған 6 компанияның пайдасына келісім олардың дайын болуына қарай рәсімделеді", - деді "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры Димаш Досанов.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ-ның магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары концентрациясының болуына байланысты төтенше жағдай орын алған, бұл қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін кондициялық емес мұнайды Усть-Луга портындағы танкерлерге тиеуге алып келді. "ҚазТрансОйл" Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы ретінде мұнайы "Дружба" магистральдық мұнай құбыры жүйесінде ластанған 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан әрекет етеді және "Транснефтьмен" өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою бойынша жұмыс жүргізеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024