Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ЖАҚ қазақстандық мұнай компанияларына кондицияланбаған мұнай үшін өтемақы төлеу туралы қорытынды келісімге қол қойды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Аталған компаниялардың атынан әрекет ететін «ҚазТрансОйл» "Дружба" магистральды мұнай құбыры жүйесіндегі қазақстандық 38 мұнай компаниясының 699 мың тоннаға жуық мұнайының ластануына байланысты инцидентті реттеу бойынша "Транснефть" АҚ-мен қалған 6 қазақстандық мұнай компаниясына кондицияланбаған мұнай үшін өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін өтемақы төлеу туралы келісімшарттар 32 қазақстандық мұнай компанияларының мүдделері үшін жасалды. Оның ішінде 14 компанияға "Транснефть" тарапынан төлем орындалды.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында "Транснефтьтің" магистральды мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары концентрациясының болуына байланысты төтенше жағдай қалыптасты, бұл қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін кондициялық емес мұнайды Усть-Луга портындағы танкерлерге жөнелтуге алып келді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024