Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тайландтық компаниялар қазақстандық мұнайға қызығушылық танытып отыр

Тайландтық компаниялар қазақстандық мұнайға қызығушылық танытып отыр

Бақылау және өндіру бойынша тайландтық "PTT Exploration and Production" компаниясы қазақстандық кен орындарын зерттеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Тайландтың энергетика министрі Наронгчан Акрасани мәлімдеді.

Тайланд королдігіндегі Қазақстаннның елшісі Марат Есенбаев Тайландтың энергетика министрі Наронгчан Акрасанимен кездесіп, қазақстандық-тайландтық серіктестіктің энергетика, "жасыл" экономика саласында дамуын талқылады деп хабарлайды еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметі таратқан хабарламасында.
"Тайландтың энергетика министрлігі Тайланд үкіметінің Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтындығын атап өтті. Энергеикалық  "PTT" алпауытының "Теңіз" кен орнындағы мұнай сатып алуда тәжірибесі бар. Қашаған кен орнында 100-ге жуық тайландтық мамандар жұмыс істейді",- делінген баспасөз-баяндамасында. Кездесу кезінде Н.Акрасани Қазақстанның энергетика министрі В.Школьникті Тайландқа келіп, алдағы әріптестікті бірге талқылауға шақырды,
Сондай-ақ Тайланд министрі халықаралық EXPO -2017 көрмесінде қатысып, өздерінің балама энергия көздері саласындағы жетістіктерін көрсетуге дайын екендерін де мәлімдеді.

Похожие материалы