"Астана-ЭКСПО" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев 4 млрд 200 млн теңге көлемінде қаржы жымқырды деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес істері жөніндегі агенттік аппаратының басшысы Айгүл Шаимова мәлім етті.
"Қазіргі уақытта тергеу Ермегияевтың жымқырылған қаржыдан заңсыз сыйақы түрінде қолма-қол ақшамен 4 млрд 200 млн теңге алғандығын анықтады",- деп хабарлады А.Шаимова.
Оның сөзінше, Т.Ермегияев Астана-ЭКСПО ұлттық компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен және жалған кәсіпорындармен бірге ЭКСПО құрылысына бөлінген ірі көлемдегі қаржыны жымқырды деп күдіктеліп отыр.
"Қазіргі уақытта сот 10 тұлғаға қатысты қамау, үй қамағы және кепілдік тәрізді бұлтартпау шарасын бекітті", - деп қорытындылады ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экс-төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамаққа алуға санкция берген. Қазіргі кезде экс-төраға үй қамағында. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үйқамаққа отырғызылған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024