Экономика
«Қоғаммен байланыс» мамандығына түсетін талапкерлер үшін төртінші пән география болмауы керек
«Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша талапкерлер үшін қабылдау емтиханында таңдау пәні ретінде белгіленген географияны алып тастап, орнына шығармашылық емтихан болуы керек. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы осындай бастама көтерді.
«Қазақстанның медиа нарығында теориялық терең білім алған PR мамандарының тапшылығы дәл осы төртінші пәннің кесірі», - дейді ұстаздар. Өйткені бұл пәнді таңдаған талапкерлердің басым бөлігі мақсатты түрде географиялық, геологиялық бағыттағы, «туризм» және т.б. мамандықтарға бағдарланады екен. «Шын мәнінде, PR-маманының кәсіби құзіреті – коммуникативтілік, креативтілік, шығармашылық көзқарас, жазу қабілеті, іскерлік қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, шешендік өнер, көпшілікпен тез тіл табысу, идеяларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру екендігі мәлім. Демек, мамандыққа талапкерлерді шығармашылық конкурс негізінде қабылдаған орынды деген ойдамыз», - делінген аталған кафедра таратқан баспасөз мәлімдемесінде. «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша талапкерлер үшін қабылдау емтиханының мазмұны мен формасын өзгерту қажет деген ұстаздар бұл мәселені 13 қараша күні арнайы конференция өткізіп, сала мамандарының қатысуымен талқыламақ. Егер мамандар қолдаса, арнайы қарар қабылданып, Білім және Ғылым министрлігіне ұсынылмақ. «Қазақстандағы PR-білім берудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда PR саласындағы білім берудің басқа мәселелері де талқыланады. Фото: nur.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024