Талдықорған. 31 қазан. 7kun.kz - Талдықорған қаласының әкімінің бұрынғы орынбасары 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
«Талдықорған қалалық соты 2017 жылдың 27 қазанында санкция шығарды. ҚР ҚК 366-бабының 4-тарауы «Пара алу» бабы бойынша, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - дейді сот өкілдері. Алайда қамауға алынған әкім орынбасарының кім екендігі айтылмады.
7kun.kz-ке сенімді дереккөзінің айтуынша 24 қазанда ұсталған қала әкімінің орынбасары Әсет Шаяхметов болуы мүмкін. Ол 7 қазанда ғана әкім орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін орынбасар қызмет атқарған Асқар Тутубаев өз еркімен қызметінен кеткен.
Әсет Шаяхметов 2014 жылдан бастап «Талдықорған қаласы құрылыс бөлімін» басқарып келген. «Жастығына қарамастан Әсет Калиханұлы жақсы басшы ретінде қалыптасты. Жаңа қызметінде ол құрылыс, архитектура, қаланың жол жөндеу мәселелеріне жауапты болады. Ары қарай табыс тілеймін!», деген еді қала әкімі 7 қазанда жаңа қызметке тағайындау кезінде.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024