Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz – Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан «Нұр» балалар үйінің 50-ге жуық тәрбиеленушісі қиын жағдайларын айтып президенттен көмек сұрайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кәмелет жасқа толып, балалар үйінен кеткен жастар өздеріне тиісті есепшоттар мен жеңілдіктер туралы ешқандай ақпарат жоқ, түрлі мемлекеттік органнан көмек сұраса да нәтижесіз екенін айтады. Мысалы, «Бөбек» қорынан 3-6 млн теңге, кәмелетке толғанда берілетін өтемақы, ЖОО бітіргенде берілетін қаражаттың қайда екені белгісіз.
«Бізді баспана кезегіне уақытында қоймады. Бұл мәселені балалар үйінде бірнеше рет айтқанда, сотқа береміз деп өзімізді қорқытты. Сосын 5 қабатты үй салынады деп мемлекеттен 100 соток жер телімі берілгенін білдік. 2020 жылы балалар үйінің директоры бізді шақырып, балалар үшін бөлінген 6 гектар жер телімі бар, соның 2 гектарын өзі алып, қалғанын 60 балаға бөліп беретінін айтты. Бірақ ол үшін әр бала 500 мың теңгеден жинап берсін деді», деп мәлімдеді тәрбиеленушілердің бірі.
Алайда жер телімдері сол күйі берілмепті. Директор 2021 жылы келіңдер деген. 2021 жылы жер ешкімге берілмейтінін жеткізген. Президенттен көмек сұраған бір топ жас бұған дейін Талғар ауданының әкімдігіне, Алматы облысы әкімдігіне, Алматы облыстық полиция департаментіне, Аружан Саинға, прокуратураға шағым түсірген. Еш нәтиже болмапты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024