
Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Жамбыл облысы әділет басқармасында, қаржы министрлігінде, білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025