Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тамызда ең көп сатылған көлік маркалары анықталды

Тамызда ең көп сатылған көлік маркалары анықталды

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылғы тамызда жаңа автокөліктердің сатылымы 6%-ға көбейді, деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығы.

Қазақстанда дилерлер тамызда 5 223 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техниканы, 303 дана ауыр жүк көлігі, арнайы техника мен автобустарды саудалаған. Қазақстандықтар аталмыш айда көлік сатып алу үшін 51 млрд теңге жұмсаған.

«Жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы жағынан ондықты бұрынғыша - Toyota бастап тұр. Тамызда аталмыш марканың 1 264 автокөлігі (өткен аймен салыстырғанда +9%) сатылған. Қазақстандықтардың назары әлі күнге дейін Camry-ден аумай тұр. Екінші орында - Lada (1 210 дана сатылған; -2,4%). Қыркүйек айында жаңартылған Lada Granta көлігі шығарылады. Бұл аталмыш маркадағы көліктің сатылымын арттыруы мүмкін.

Үшінші орын - қостанайлық өндірістегі Hyundai маркасында. Тамызда аталмыш марканың 739 көлігі сатылған. Сонымен бірге, Nissan маркалы көліктер төртінші орынға (239 дана), бесінші орында Renault (193 дана сатылған) тұр. JAC кроссоверлерінің тамызда 181-і саудаланса, TOП-10 көшін Kia (167 дана), Lexus (124 дана), Skoda (93 дана) мен Lifan (92 дана) түйіндейді.

Похожие материалы