Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,4 теңгені құрады. 9 тамыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (387,44 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,04 теңгеге нығайды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:10-да 389 теңге, Алматыда – 389,5 теңге.