Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Танымал кәсіпкер Chocofamily холдингіне 1 млн доллар инвестиция салды

Танымал кәсіпкер Chocofamily холдингіне 1 млн доллар инвестиция салды

 Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандық кәсіпкер Мұрат Абдрахманов Chocofamily интернет-холдингіне 1 млн доллар инвестиция салды.  Бұл туралы Profit.kz жазды.

«Бұл келісім бір жылдай уақыт жасалды. Холдингтің құрылымын ойластырып, құжаттарды реттеп, компания қалай басқарылатынын ақылдастық. Енді даму жолындағы келесі бір кезеңге өттік. Бізде пайда бар, қарызымыз жоқ, ұжым да жақсы, енді міне дамуға қосымша ресурстар пайда болды», — дейді Chocofamily-ді құрған Рамиль Мухоряпов. Тартылған қаражаттың көп бөлігі Chocolife.me, Chocotravel.com, Chocofood.kz, Chocomart.kz, Lensmark.kz сынды сервистердің жұмысын жақсартуға жұмсалады. Компанияның капиталдандыруы 2011 жылы қосылған алғашқы инвесторлардан бастап бүгінде 93 есеге көбейген. 2015 жылы Chocofamily айналымы 3,4 млрд теңгеден 6,2 млрд теңгеге немесе 82%-ға өскен. Өткен жылы топтың сайттарында 1,5 млн сатып алу жүзеге асырылған. Нарықтың тоқырауы кезінде осылай жақсы дамып келе жатуы инвесторларды қызықтырады дейді компаниядағылар. 2013 жылы Chocofamily-ге ең алғаш болып DEMUS Capital инвестициялық компаниясы қаржы салған еді. Негізін салушылар мен менеджментке соңғы раунд қорытындысында Chocofamily Holding-тің 79%-ы тиесілі екендігін анықталды. 2018-2020 жылдарға қарай Chocofamily холдингі IPO-ға шықпақ. Ол уақытқа дейін компания айналымын 10 есе көбейтіп, Қазақстанның e-commerce секторында ұжымдық басқарудың көшбасшысы болуды көздеп отыр.

Похожие материалы