Билайн сауда белгісімен қызмет атқаратын "КаР-Тел" ЖШС-нің бас директоры Тарас Пархоменко қызметінен кетті. Бұл туралы оның жұбайы Жанна Пархоменко өзінің facebook парақшасында хабарлады.
Сондай-ақ, Жанна Пархоменко Verny Capital компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы PR-директор қызметінен кетті. "Достар! Бүгін менің Verny Capital компаниясындағы соңғы жұмыс күнім және қонақжай Қазақстандағы соңғы күндерім. 2013 жылдың 1 ақпанында үш жыл деген көп болып сезілген еді, ал қазір қарасам аз екен. Тарас Пархоменкомен алғаш Қазақстанда жұмыс бастағанда бұл үш жылдың қалай болатынын елестете де алмаған едік",-деп жазды Жанна 31 желтоқсан күні өзінің facebook парақшасында. Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендзь Тарас Пархоменкомен келісімшарттың аяқталғанын және жаңа басшының есімі жаңа жыл мерекесінен кейін хабардар етілетінін айтты. Т.Пархоменко 1974 жылы 18 сәуірде Украинаның Лохвица қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Киев халықаралық азаматтық авиация университетінде инженер-системотехник және экономист мамандығын алған болатын. Ал 2002 жылы британдық Чартерлік маркетинг институтын (CIM) тәмамдады. Еңбек жолын 1996-2002 жылдары «Голден Телеком» компаниясында маркетинг және стратегиялық жоспарлау саласынан бастады. 2003-2006 жылдары «АРТЕРИУМ» фармацевтикалық корпорациясында маркетинг жөніндегі директор, 2006 жылы «Киевстр» компаниясының стратегиялық мәселелер бойынша маркетингтік директорының орынбасары, 2007-2010 жылдары директор, ал 2010 жылдан бастап Басқарма мүшесі болды. 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап Beeline Қазақстанды басқарды. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024