Таразда өз көлігін өртеуге тапсырыс берген кино орталығының директоры ұсталды
Тараз. 9 ақпан. 7kun.kz – Таразда өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен кино орталығының директоры ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Аталған оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан.
Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан.
Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Кейіннен анықталғандай, оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.
«Қанатовқа қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пайдакүнемдік ниетпен көрінеу жалған сөйлеп, адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптағаны үшін жауапкершілік көзделген. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты», – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024