Тәжікстан басылымдарының 90%-ы қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан зардап шекті. Бұл туралы Тәжік телеграфтық агенттігі (ТаджикТА) хабарлады.
“Тәжікстандық басылымдардың 90%-ы дағдарысқа тап болды”,- деп Тәжікстан ұлттық тәуелсіз БАҚ қауымдастығының төрағасы Нұриддин Қаршыбаев, Душанбеде өткен баспасөз кеңесінің жыл сайынғы отырысында мәлімдеді. Ол сонымен қатар, басылымдардың көпшілігі айналымдарын 30-40%-ға қысқартқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Медиа консалтинг" қоғамдық ұйымы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қорытындылары бойынша, республика басылымдарының көпшілігі қаржы дағдарысына және цензураға байланысты оқырмандарының 50%-ын жоғалтып алғаны анықталды. Фото:faraj.com.tjПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024