Душанбе. 1 маусым. 7kun.kz - Тәжікстанда бір айдан кейін тұрғындардың зейнетақысы мен еңбекақысы 15-тен 25 пайызға өседі. Тәжікстанның қаржы министрлігі мұны жүзеге асыруға дайынбыз деп мәлімдеді.
Үкіметтің жоспары бойынша, бюджеттен жалақы алатындардың айлығы орта есеппен 20 пайызға өседі. Ең төменгі еңбекақы көлемі 60 пайызға ұлғайады. Шәкіртақы мен өзге де жәрдемақылар 30 пайызға өседі.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екі жыл бұрын зейнетақы мен шәкіртақыны, еңбекақыны өсіруге уәде берген. Алайда өткен жылы қаржылық дағдарысқа байланысты уәде орындалмаған.
"Бұл жылы шығыстарды қаржыландыруға бюджеттен 1 миллиард 323 миллион сомони бөлінеді", - деп мәлімдеген президент.
Ол мемлекет қазынасының "сыртқы факторларға тәуелді екенін" айтып, шенеуніктерді ақталмай, 2016 жылғы қаржылық құжатты орындауға шақырған. Тәжікстан президенті биылғы жылдың бюджеті өткен жылман салыстырғанда 20 пайызға артық екенін атап өткен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024