Астана. 30 қараша. 7kun.kz – Мәжіліс депутаттары «Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутат Әмірхан Рахымжанов айтуынша, бүгінде қазақ ит тұқымдарының генофондының нашарлау үрдісі ғана емес, еліміздің көптеген өңірінде толық жойылу қаупі бар. Сол мәселелерді шешу үшін заң жобасында қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленеді, уәкілетті органның құзыреті бекітіледі.
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында иттердің ұлттық тұқымдарының Ұлттық орталығы құрылады.
Ұлттық орталықтың құзыретіне мыналар кіреді:
- иттердің ұлттық тұқымдарының асыл тұқымымен жұмыс істеу бойынша сарапшылар мен мамандарды кинологиялық қызметке оқыту жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
- асыл тұқымды иттерді іріктеу және таңдау, олардың жұмыс істеу қасиеттерін сақтай отырып, иттердің ұлттық тұқымдарын өсіру;
- кинологиялық қызметтің әртүрлі мәселелері бойынша уәкілетті органға – стандарттар, сынақтар, жарыстар, көрмелер, байқаулар, кешенді бағалау қағидалары, иттердің ұлттық тұқымдарының бірыңғай тұқым-тегі кітаптарын жүргізу, асыл тұқымды ит куәліктерін беру туралы ұсыныстар енгізу;
- түрлі дәрежедегі, оның ішінде халықаралық дәрежедегі сынақтарды, көрмелерді, байқауларды, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекеттік қолдау қазақы ит тұқымдарын, соның ішінде Ұлттық орталықты сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады. Осы салада жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер осы бағыттағы қызметті ілгерілетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алады.
Заң жобасында ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі норма көзделген.
«Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет болады. Бұл сома 2022 жылғы 18 қазанда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты», – деді Рахымжанов.
Отырыста заң жобасы мақұлданды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024