Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бұған дейін қаржыландырып келген екі инвестициялық жобасын сатып жіберді.
Өз үлестерін сату арқылы агенттік 1,15 млрд теңге пайда тапты.
1,11 млрд теңгелік "Восточный Каражал" компанияларының 49 пайыз үлесі сатылды.
Kazakhstan Computer Graphics ТДҰА-дан жоғары сапалы компьютерлік графиктер шығаруға қатысты өз жобасын сатып алды. Келісімшарттың бағасы 10,901 млн теңге, ал салынған инвестициядан түскен пайда 9,821 млн теңгені құрады.
Бұдан бөлек, агенттік саудаға екі технопарк пен үш конструкторлық бюроны қойды:
- "Алгоритм" технопаркінің 35,57 пайызы (бастапқы баға - 364,32 млн теңге);
- Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркінің 53,67 пайызы (232,43 млн теңге);
- Тау-металлургтық конструкторлық бюросының 100 пайызы (875,03 млн теңге).
- Мұнай-газ конструкторлық бюросының 100 пайызы (475,53 млн теңге).
- көлік құрылысы конструкторлық бюросының 100 пайызы (630,8 млн теңге).
Электронды тендер мемлекеттік реестр порталында жарияланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024