Tele2 Қазақстан мен Altel арасындағы телекоммуникациялық нарықта бірігіп, бір ойыншыға айналу туралы келісім-шарт орындалмайды. Жоба өткен жылдан бері қаралып келе жатқан еді деп хабарлайды Kursiv.kz дереккөздеріне сілтеме жасап.
Дереккөздердің бірінің айтуынша, келісім-шарт екі компанияның бірігуі түрінде орындалуы қажет еді. "Шведтік Tele2 және Қазақтелеком құрамына "Мобильді жүйелер" ЖШС кіретін ортақ холдинг компания құруды жоспарлаған", - дейді ол.
Еске салайық, осыған дейін Tele2 Қазақстан мен Altel бірігу туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланған еді. Осы жағдаймен таныс дереккөздердің бірінің айтуынша, екі жақ жаңа компанияның құрамына кірер кездегі қаржылық шарттарға келісе алмаған. Сондай-ақ басқарушылық мәселесі де келісім-шарттың орындалуына кедергі болды. Kursiv.kz-тің жазуынша, жаңа компанияның басшысы ретінде Tele2 Қазақстанның болуына "Қазақтелеком" қарсы шыққан.
"Екі компанияның бірігуі нарықтың екі ойыншысы үшін де тиімді. Қазақстан нарығында көлемді абоненттік базасы және дамуға мүмкіндіктері бар жаңа ойыншы пайда болар еді", - дейді ақпарат таратушы дереккөздердің бірі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024