Экономика
Выбор редактора
Tele2 Kcell және Activ абоненттерімен сөйлескен әрбір клиентіне минуты үшін 5 теңге төлейді.
Tele2 мобильді операторы жаңа сервис қосқан абоненттерге Kcell және Activ абоненттерімен сөйлескен әрбір минуты үшін 5 теңге төлейді. Түскен қаржыны Tele2 тұтынушылары байланыс қызметтеріне төлеуге және жаңа сервис қосуға жұмсай алады. Бұл туралы компанияның өндірістік даму бойынша директоры Даниэль Карпов хабарлады деп жазады vlast.kz.
Қызмет жұмыс істеу үшін Activ/Kcell номерлерінен келіп түскен қоңыраулар уақыты күніне 5 минуттан асуы қажет. Бонустар 30 күн ішінде жарамды болады.
Сондай-ақ, әрбір абоненттің 6450 теңге табуға мүмкіндігі бар. Ол үшін Activ-тің "Алло, Қазақстан" тарифі бар бір абоненті өзінің лимитін Tele2 компаниясының клиентімен сөйлесіп бітіруі қажет.
Қазіргі уақытта акция арқылы түскен ақшаны төлем терминалдары арқылы алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл шешімнің пайдалылығы туралы сұраққа жауап бере отырып өндірістік даму бойынша директоры Даниэль Карпов қызмет түрінің барлық жаққа тиімді екендігін атап өтті. "Алдыңғы тәжірибелерге қарай отырып, мұндай акциялар трафикті өсіруге мүмкіндік беретіндігін білеміз. Жартылай береміз, бірақ ол бірнеше есе көбейеді. Бұл жерде барлығы ұтады", - деді ол.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024