Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Tele2 мен Altel абоненттеріндегі уақытша ақаулар техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты. Бұл туралы хабарды ұялы байланыс операторлары өз сайттарына жариялады.
"Дәл қазіргі уақытта ҚР барлық территориясында желілерді біріктіру бойынша көлемді техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Желілер интеграциясы төлем аймағын кеңейтуге және қызмет сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Жоспар бойынша, барлық техникалық жұмыстарды аяқтау 2017 жылдың ІІ-тоқсанында аяқталады. Жұмыстардың басым бөлігі желіге жүктеме ең аз түсетін сағаттарда жасалады, алайда белгілі себептермен қызметте қысқа уақытты ақаулар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда 611 нөмірі бойынша call-center-ге хабарласуыңызға болады", — делінген Tele2 хабарында.
Altel сайтында да техникалық жұмыстар есебінен ұялы байланыс пен Интернетпен байланысты шектеулер болуы мүмкін.
Желідегі ақаулар жақын арада жөнделеді.
Қайта қосу жұмыстары 2017 жылдың 18-19 шілде күндері жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында мынадай жағдайлар орын алуы мүмкін:
— интернетпен байланыстың үзілуі;
— дауыс сервистерінің бұзылуы;
— баланс құюда және тексеруде бөгелістер;
— жеке кабинет бағдарламасының дұрыс жұмыс жасамауы;
— сервис-орталықтардағы жұмыстың бөгелуі;
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024