Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Tele2 компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ның Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындағы үлесін сатуға мәміле жасады.
Ақпаратқа сәйкес, Tele2 компаниясы 169 млн доллар мөлшеріндегі пассивтік жауапкершілікті шегергеннен кейін таза түсім алды, сондай-ақ «Қазақтелеком» 80 млрд теңгеге акционердің қарызын өтеген болатын.
Мәмілені аяқтағаннан кейін, Tele2 директорлар кеңесі 2019 жылдың 22 тамызында кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыруды жоспарлап отыр, онда акционерлерге кезектен тыс дивиденд бойынша алты швед кронасы (28 маусымдағы Ұлттық банк бағамы бойынша 245,8 теңге шамасында) мөлшерінде акцияға дауыс беру ұсынылады.
Еске салайық, 2016 жылдың ақпан айының соңында тараптар «Қазақтелеком» АҚ үлесі 51% (дауыс беретін акциялардың 49,48%) болатын ұялы байланыс сегментінде бірлескен кәсіпорын құруға келісті. 2018 жылдың желтоқсанында Tele2 өз үлесін сату бойынша пут-опцион өткізді.
2016 жылдың ақпанында Altel және «Мобайл Телеком-Сервис» мобильді операторлары базасында Қазақтелеком» және Tele2 Group бірлескен Khan Tengri Holding B.V. кәсіпорны құрылды. Олар «Altel 4G» және «Tele2» маркалы брендтерін сақтай отырып, «Мобайл Телеком-Сервис» бірыңғай компаниясына біріктірілді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024