Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанның байланыс кәсіпорындары 338,4 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,5 пайызға артық.
Телекоммуникациялық компаниялар 2017 жылдың алты айында қаларалық және халықаралық телефон байланысынан 14,2 млрд теңге табыс тапқан. Алайда бұл 2016 жылдың 1 тоқсанындағы баға көрсеткішімен салыстырғанда 10,5 пайызға аз.
Ал жергілікті телефон байланысына 20,8 млрд теңге төленсе (6,5% аз), интернетке 111,5 млрд теңге (12,4% артық), ұялы байланысқа 105,4 млрд теңге (1,1 артық) жұмсалған.
Сондай-ақ, қызметтердің ең көп бөлігі интернет (32,9%), ұялы байланыс (31,3%) бойынша көрсетілген. Жергілікті байланысқа көрсетілген қызмет үлесі 6,2 пайызды құрайды.
2017 жылдың І жартыжылдығында 14,8 млрд теңгеге пошталық және курьерлік қызмет көрсетілген.
Дереккөз: qazaqtimes.com
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024