Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Скандинавиялық Telia Company өз үлесін «Қазтранскомдағы» Amun Services компаниясына беруге келісті, деп хабарлайды LS.
Ұялы байланыс операторының құжатында бұл операция Скандинавия елдері мен Балтық жағалауы елдеріне бағытталатын стратегияға сәйкес келетіндігі айтылады. Telia компаниясы 2012 жылы «Қазтранскомға» «Родник» холдингі арқылы миноритарлық пакетін өткізді.
2017 жылы хабарланғандай, «Қазтранском» магистральды операторының 20 пайыздық үлеске ие болу келісімі 35 млн долларға бағаланды.
Сонымен бірге, Қазақстанда Telia компаниясынан Kcell-дің үлесін сатып алу туралы келіссөздер процесі жалғасады. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» Kcell-дің ең ықтимал сатып алушысы болып қала береді. Ал, сарапшылар сатылымның нақты бағасы 1,2-1,4 млрд доллар болатынын айтады. Ұялы байланыс операторы акцияларының 9 пайызынан астамына ие «Freedom Finance» инвестициялық компаниясы осы активке салынған инвестициялар туралы түсініктеме берді. Өз кезегінде «Қазақтелеком» тіркелген байланыс операторы Kcell-дің үлесін нарықтағы бағадан төмен бағалайтындығы белгілі болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024