Қазақстанның Қоғамдық ұйымдары келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне салынатын акциздерді көтеруді ұсынып жатыр.
"Темекі қорабындағы акциз көлемі 49 пайыз болсын деген ұсыныс жасап отырмыз. Осылай есептесек, бір қораптың құны 400 теңге тұратын болады. Акциздік алым көлемі 184 млрд теңгеге дейін өседі. Осылайша 54 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қаламыз. Темекі шегудің таралымы 2 пайызға төмендейді", - дейді "Темекі түтінінен аулақ Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмиля Садықова. Бүгінде темекі қорабындағы акциз үлесі 25 пайызды құрап отыр. Осындай ұсынысты ұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан кардиологтарының қауымдастығы мен "Вместе против рака" қоры бірлесе отырып, премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024